• KAZ
  • RUS

Главное меню
  • Главная
  • О центре
  • Наши семинары
  • Видеолекции
  • Открытые занятие ППС
  • Сотрудничество
  • Коллекция ЭОР
  • Полезные советы
  • Полезные ссылки

Оқыту мен тәжірибе фестивалі-2017

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты барлық білім беру саласының қызметкерлерін, педагог мамандарын оқу үрдісін модернизациялау: инновациялық оқыту технологиялары, педагогикалық зерттеулер аясында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында 2017 жылдың 10 ақпанында өткізілетін ІІІ аймақтық оқыту мен тәжірибе фестиваліне шақырады.

Фестиваль аясында өтеді:

Workshops;
Шебер-сыныптар;
Семинар-тренингтер;

 

 

Виртуалды байқау - 2017

Жамбыл облысындағы білім беру мекемелерінің назарына!

Орталықтың ұйымдастыруымен биыл үшінші рет аймақтық  виртуалды байқау өтетінін хабарлаймыз. Мақсатымыз: Жамбыл облысының әрбір мектебінде қызмет етіп жүрген «ТарМПИ түлектерімен» байланысты нығайту, ЖОО-мектеп кластерінің жұмысын жандандыру және білім беруде ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыруға ықпал ету. Байқауға «ActivStudio», «ActivInspire», «Power Point», «SmartNote», "Prezi"  және т.с.с. бағдарламалық жабдықтамаларда бір пән/ бір сабақ/ бір тақырып бойынша дайындалған мультимедиалық өнімдер кабылданады.«Үздік флипчарт» және «Үздік мультимедиалық оқу презентациясы» номинациялары бойынша  ұйымдастырылады. Байқау қорытындысы мен  марапаттар ақпан  айына

 

Оқу курсы аяқталды

Дидактикалық орталықтың ұйымдастыруымен 21.11 - 09.12.2016 аралығында өткен бітіруші курс студенттеріне арналған оқу курсы өз аяғына жетті. 3 аптаға созылған семинар-тренингке жалпы 45 студент қатысып, оның 89%-ы тапсырмаларды уақытылы орындап, сабаққа белсенді түрде қатысқаны үшін сертификат алды. Марапаттау рәсімінің алдында сабақ барысында студенттер дайындаған үздік презентациялардың көрсетілімі болды. Презентациялар "Қазақстан тәуелсіздігіне - 25 жыл", "Институтымызға  50 жыл" және "Институт тарихы" тақырыптарына арналды.

 

Ашық сабақ өткізілді

Қараша айының 15-ші жұлдызында Өнер және мәдениет факультетіндегі "Кәсіптік оқыту және дизайн" кафедрасының оқытушысы, кәсіптік білім мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі Таттібаева Гүлжан Берлікқызы ДӘСТҮРЛІ ҚОЛ ӨНЕР ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК МАТЕРИАЛДАР ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ өткізді.

Тақырыбы: "КИІЗ ӨҢДЕУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"

Қолданған инновациялық технологиясы: слайд

 

 

"CorelDraw-да растрлық суреттермен жұмыс істеу" тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Өнер және мәдениет факультетіндегі "Бейнелеу өнері және сызу" кафедрасының оқытушысы, доцент м.а., т.ғ.к. Усупов М.М. "CorelDraw-да растрлық суреттермен жұмыс істеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Пәні: Бейнелеу өнеріндегі компьютерлік графика

3-курс студенттеріне арналған бұл тақырып "Расторлық, векторлық кескіндер дегеніміз не?", "Олардың қандай түрлері бар?", " Екі кескіннің бір-бірінен айырмашылықтары не?", "Оларды кескіндеу үшін қандай бағдарламалар қолданамыз?" деген сұрақтарды толықтай қамтыды.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ (студенттер назарына)

Дидактикалық орталық бітіруші курс студенттеріне арналған ақпараттық-коммуникативтік құзырлықты арттыру курстарын ұсынады. Курс 3 блоктан құрылған:

1. Онлайн оқыту платформасын білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері. МООС технологиясы мен әдістемесі
2. Бейнетехнологиялар. Бейнесабақтар құрастыру әдістері мен технологиялары 
3. Интерактивті тақта – жаңа типті оқыту ортасы

 
Еще статьи...
  • Оқытушыларға арналған семинар-тренингтер
  • Жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады
  • АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БЕРІЛДІ
  • ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
  • «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауы өз мәресіне жетті

<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 5 из 17

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support

© 2018 Таразский государственный педагогический университет

"Сектор инновации в образовании"

Адрес: г. Тараз, ул. Толе би, 68

Телефон (факс): 8 (7262) 51-00-93

Joomla Templates by PWC, fatcow review by WebHostingTop